Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында 2 мыңға жуық тегін үйірме жабылып қалуы мүмкін

үйірмелер балаларға арналған, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2022 10:00 Сурет: pixabay
Алматы облысында балалардың шығармашылығын дамыту үшін ашылған 2 мыңға жуық тегін үйірме жабылып қалуы мүмкін. Себебі, тапсырыс алған ұйымдарға жыл басталмай жатып қаржы жетпей қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Qazaqstan телеарнасының мәліметінше, түрлі үйірме, секциялар ашқан жеке кәсіпкерлер енді балаларды ақылы түрде қабылдауға мәжбүрміз дейді. Бұған ата-аналар қарсы. Қуаныш Қанатұлы мән-жайды анықтады.

Президент тапсырмасын орындаймыз деп былтырдан бері Алматы облысында 2 мыңға жуық үйірме ашылған. Кәсіпкерлер заңды түрде тіркеліп, ғимарат тауып, ішін керек жараққа толтырып, маман шақыртып білек сыбана іске кірісті. Ауыл-ауылда кемі 200, алды мыңға жуық бала қабылдап түрлі бағытта қабілеттерін шыңдай бастады. Кешелі бері облыстық мәдениет басқармасы қаржыландыруды тоқтатып, өнер шаңырағын ашқандарды тығырыққа тіреді.

Үйірмелерге балаларын тегін әкеліп жүрген ата-аналар да бұдан былай ақша төлейміз бе деп алаңдаулы. Бір үйден бірнеше бала қатысатын отбасылар үшін бұл үлкен шығын дейді олар.

Балетке қатысады бір қызым. Біреуі бассейнге қатысады. Мен өзім апа болсам да, жетектеп әрқайсысын алып барып жүрмін. Біз балалардың болашағын ойлаған ата-анамыз. Енді оны келіп жауып жатса білмеймін не болатынын. Гауһар Сатаева, қала тұрғыны

Былтыр жарты жылда 1,5 млрд теңге қаржы бөлініп, 48 мың оқушы қамтылған. Биылғы жылға 2,5 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылып отыр. Алайда қазірдің өзінде оның тең жартысы игеріліп қойды. Себебі үйірме ашқан кәсіпкер көп. Қаржыландыру тоқтатылады деп оларға ескерту хат жолдаған.

57 600 баланы қайтадан жалғастыру үшін осы жылға 14 млрд теңге қажет болады. Мәслихатқа жолдаймыз. Арслан Дәндібаев, Алматы облысы әкімінің орынбасары.

Кәсіпкерлер бағдарламада шикілік көп екенін айтады. Бөлінген қаржыға сай үйірме ашам деген азаматтардың санына дер кезінде шектеу қойылғанда мұндай қиындық туындамас еді дейді олар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: