Үстіне жетінші қабаттан кресло құлаған: 81 жастағы қария оқыс оқиғадан көз жұмды
Сурет: pixabay
Оқиға 3 наурыз күні болған. 1941 жылы туған ресейлік әйелдің денесі Теміржол ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің алдынан табылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Новосибирск қаласында 81 жастағы қарияның үстіне тұрғын-үйдің жетінші қабатынан лақтырылған кресло құлап, көз жұмды. Бұл туралы Ресей тергеу комитетінің аймақтық басқармасының сайтында хабарланған, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 3 наурыз күні болған. 1941 жылы туған ресейлік әйелдің денесі Теміржол ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің алдынан табылған.
Оқиға орнына жеткен полицейлер жетінші қабаттағы жалдамалы пәтерге көшіп келген жаңа тұрғындардың ескі жиһазды терезеден лақтырғанын анықтады. Креслоның бірі далаға итімен серуендеуге шыққан қарт әйелдің басына құлаған.
Мариупольде 60-тан аса адам кепілге алынды: Олардың жартысы әйелдер мен балалар
Алған жарақатының салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды. Ресей Қылмыстық кодексінің 109-бабының, 1 тармағы ("Абайсызда адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript