8 наурыз қарсаңында Продюсер қарапайым қызметкерді «ханшайымға» айналдырды
Сурет: instagram/mussatayev
Продюсер Әлихан Мұсатаев 8 наурыз қарсаңында қарапайым еден жуушы әйелге салонға барып, образын өзгертуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы продюсер өзінің Instagram-дағы парақшасына жазды. Ол Алматыдағы асханалардың бірінде еден жуушы болып жұмыс істейтін Орынгүл апайды салонға апарып, басқаша болуына үлес қосты. Бұл продюсердің мереке қарсаңындағы жобасына айланып кетті. Әлихан Мұсатаев былтыр да қарапайым қызметкердің жұлдызға айналуына мүмкіндік жасаған еді.
Биыл бұл жоба қысқа уақытта ұйымдастырылды. Осымен екінші жыл 8 наурыз қарсаңында мен салонға бармаған, фотосессияға шамасы келмейтін және өзінен басқаның бәрін ойлап, өзіндегі сұлулықты көрмейтін әйелдерге мүмкіндік бердім. Бұл толыққанды жоба деп айта алмаймын. Тек барлығына әр әйел әдемі екенін жеткізгім келеді. Біз оларға өзін сүюді, бағалауды, құрметтеуді, өзіне уақыт табуды үйретуіміз керек. Өзін дәл осы қалпы көрген Орынгүл апай «Осылай да сұлу бола аламын ба?» деп таңданды.Продюсер Әлихан Мұсатаев
45 жастағы Орынгүл апай өзінің жаңа образын, фотосын көріп, жылап жіберді. Ол бір кездері әнші, артист болғысы келгенін есіне түсірді.
Продюсер Әлихан Мұсатаев әйелдің көз жасын көру ауыр екенін айтты. Сонымен қатар ол қыз-келіншектерге тілегін жазды.
Қыздар, əйелдер, есіңізде болсын, сіздердің əрқайсыңыз ерекшесіздер! Қыз жігіттің көңілінен шығу үшін емес, өзіне ұнау үшін өзімен жұмыс істейді, өзін дамытады. Табыс, қарым-қатынас, қаржы сияқты нәрселер сонда пайда болады.Әлихан Мұсатаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript