Маңғыстаулық әйелдер 8 наурыз қарсаңында біржолғы әлеуметтік төлем алады

Маңғыстау облысында 8 наурыз қарсаңында әйелдерге біржолғы әлеуметтік төлем төленеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
lada.kz ақпаратынша, жергілікті атқарушы органдардың шешімімен 8 наурыз мерекесіне орай "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған, сондай-ақ бұрын "Батыр ана" атағын, I және II дәрежелі "Ана даңқы" орденін алған көп балалы аналарға төлемдер жоспарлануда.
"2 АЕК (7 864 мың теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмекті 12 686 әйел алады, оның жалпы сомасы 99,7 млн теңгені құрайды. Сондай-ақ барлық топтағы мүгедек адамдарға, жеті жасқа дейінгі мүгедек балаларға, I, II, III топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде төлем есептелген. Оны 654,6 млн теңге сомасына 33 300 адам алады",- делінген ақпаратта.
Бұл жәрдемақылардың барлығы Наурыз мерекесінде төленетіні атап өтілді.
Бұған дейін Шымкентте полицейлер көпбалалы әкенің өмірін сақтап қалғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript