Ақтөбеде бір аптада 15 қалта ұрлығы тіркелді

алаяқтар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2022 23:28 Сурет: polisia.kz
Өткізілген іс-шаралар барысында қалалық бөлімдерге “қалта ұрысы” санаты бойынша полицияның мамандандырылған есебінде тұрған 19 адам жеткізілді, олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

27 ақпан мен 5 наурыз аралығында Ақтөбе қаласы ПБ қала аумағында қалта ұрлығының алдын алу және оған жол бермеу мақсатында, сондай-ақ “қалта ұрысы” санаты бойынша есепте тұрған адамдарға қатысты бірқатар жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізді.

Көрсетілген кезеңде Ақтөбе қаласында 15 қалта ұрлығы тіркелді, оның 5-і ашылды.

Өткізілген іс-шаралар барысында қалалық бөлімдерге “қалта ұрысы” санаты бойынша полицияның мамандандырылған есебінде тұрған 19 адам жеткізілді, олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Сонымен қатар, жедел іс-шаралар өткізу кезінде қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері қалта ұрлығы үшін 6 адамды ұстады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: