Екі облыста ауа райына байланысты тас жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды
Сурет: pixabay
Батыс Қазақстан облысы мен Ақтөбе облысында көліктің барлық түріне жолға шығуға уақытша шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Қазавтожол» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, шектеулер Қазақстанның батысындағы тас жолдарға енгізіліп жатыр.
16 наурызда сағат 01:05-те (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты (жел, боран) Самара – Шымкент тас жолының Жымпиты – Ақтөбе облысының шекарасына кіретін 394 – 526-шақырымдарында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді. «Қазавтожол» ЖШС баспасөз қызметі
Бұған қоса, Ақтөбе облысындағы аталған тас жолдың БҚО және Маржанбұлақ ауылы маңынан өтетін бөлігінің 526-703-шақырымында да барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript