Елорда мектептеріне Дінмұхамед Қонаевтың және басқа да белгілі қайраткерлердің есімдері берілді
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан үкіметінің 2022 жылғы 14 наурыздағы қаулысына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының кейбір білім беру ұйымдарына еліміздің көрнекті қайраткерлері мен тарихи тұлғаларының есімдері берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атаулар келесі нысандарға берілді:
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №11 мектеп-лицейі;
№ 49 Қошке Кемеңгерұлы атындағы орта мектеп;
Кемел Ақышев атындағы № 69 мектеп-гимназиясы;
Роза Бағланова атындағы № 2 балалар музыка мектебі;
Ермек Серкебаев атындағы № 3 балалар музыка мектебі;
Дінмұхамед Қонаев атындағы № 66 мектеп-лицейі;
Фариза Оңғарсынова атындағы № 77 мектеп-гимназиясы;
Ыбырай Алтынсарин атындағы № 83 мектеп-гимназиясы.
Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript