Жаңалықтар тізбегі
0

Болгарияда бұрынғы премьер-министр қамауға алынды

полиция көлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2022 09:17 Сурет: pixabay
Полицияның ауқымды операциясы кезінде Болгарияның бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктерінің бірқатары ұсталды. Операция Еуроодақ қаражатын мақсатсыз пайдалану жағдайларын тергеуге қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұрынғы премьер-министр және «Азаматтар Болгарияның еуропалық дамуы үшін» (GERB) партиясының жетекшісі Бойко Борисов 17 наурызда Еуропаның біріккен прокуратурасының тергеуіне қатысты полиция операциясы кезінде ұсталды, деп хабарлайды Deutsche Welle.

Болгарияның ішкі істер министрлігі Борисовтың 24 сағатқа қамауға алынғанын, бірақ қандай негізге сүйеніп жатқанын нақтыламады.

Борисовтан бөлек, елдің бұрынғы қаржы министрі Владислав Горанов, парламенттің қаржы комиссиясының бұрынғы төрағасы Менда Стоянова және үкіметтік ақпарат қызметінің бұрынғы басшысы Севдалина Арнаудова ұсталды.

Ішкі істер министрлігі қосымша мәлімет бермеді, бірақ Болгария ұлттық телеарнасы қамауға алулардың ЕО көмегін теріс пайдалану фактілері бойынша жүргізілген тергеуге байланысты екенін хабарлады. Еліміздің көптеген мекен-жайларында тінтулер мен құжаттарды алу жұмыстары жүргізілді.

Бойко Борисов Болгария үкіметін 2009 жылдың шілдесінен 2013 жылдың наурызына дейін, 2014 жылдың қарашасынан 2017 жылдың қаңтарына дейін және 2017 жылдың мамырынан 2021 жылдың мамырына дейін басқарды.

13 наурызда ол ГЕРБ төрағасы лауазымына қайта сайланды. Оның кандидатурасын партия съезіне қатысқан 943 делегат қолдап, қарсы және қалыс қалғандар болған жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: