Сенатор Күрішбаев: Елордада жедел шешуді талап ететін бірқатар проблемалар бар
Сурет: Zakon.kz
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаев «Пригородный» шағын ауданының тұрғындарымен, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласындағы пәтер иелері кооперативтерінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сенатордың айтуынша, елордада әлі де жедел шешуді талап ететін бірқатар проблемалар бар. Ол қала ішіндегі саяжайлар он мыңнан астам адам тұратын елді мекенге айналғанын атап өтті.
«Бұл саяжай алаптары елорданы дамытудың бас жоспары бойынша бұзылуға жатады, тиісінше, жер телімдерін инвестор немесе мемлекет нарықтық бағамен сатып алуы тиіс. Бірақ әзірге мұндағы бар адамдар күтумен өмір сүріп отыр», - деді сенатор.
Ақылбек Күрішбаев елорда мен қалалық мәслихат басшыларын және қалалық коммуналдық қызмет жетекшілерін халықпен кездесуге арнайы шақырды. Мұндай тәсіл осындағы проблемалар туралы айтуға және оларды жан-жақты талқылаумен қатар сол жерде әкімдік алдында қойып, шешу жөніндегі жоспар жасауға мүмкіндік береді.
«Мұнда «асы-суы мол» орындарды жекешелендіріп алып, мемлекет пен халық арасында делдал болған жергілікті олигархтар бар. Әкімдік оларды сотқа беріп, заңға сай келген нәрсені мемлекетке қайтаруға тырысады», - деді ол.
Ақылбек Күрішбаев қосымша қаржыландыруды талап ететін мәселелер қалалық бюджет түзетілгеннен кейін қаралатынын атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript