Жаңалықтар тізбегі
0

Бас прокуратурада президент жолдауының бастамалары талқыланды

ғимарат, жолдау, прокурорлар, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2022 11:04 Сурет: Zakon.kz
Бас прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен жедел кеңес өтті, онда «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Мемлекет басшысының Жолдауын орындау бойынша бірінші кезектегі шаралар талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас прокурордың сөзінше президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жариялады, бірқатар бастамалар прокуратурамен тікелей байланысты болып келеді. Атап айтсақ, «Прокуратура туралы» заңға конституциялық заң мәртебесі берілгені және Бас прокурорға Конституциялық сотқа жүгіну құқығын беру ұсынылды.

Біздің алдымызға көптеген міндеттер қойылды, алда көп күш жұмсалатын және жауапты жұмыс тұр. Біздер азаматтардың, әсіресе қылмыстық қудалау шеңберіне тартылған адамдардың, бизнестің, кәмелетке толмағандардың конституциялық құқықтарын, мемлекеттің материалдық мүдделерін қорғау саласына күш-жігерімізді жұмсауды жалғастырамыз. Сондықтан әрбір қызметкерден жоғары кәсіби шеберлік, тынымсыз еңбек және үлкен жауапкершілік талап етіледі.Берік Асылов

Ол қаңтар оқиғаларына байланысты қылмыстық істерді тергеп-тексеруге және барлық кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту қажеттігіне жеке тоқталды.

Азаматтардың іргелі құқықтарын қорғау мәселелері де талқыланды.

Бас Прокурор тергеу жүргізудің рұқсат етілмеген әдістері туралы қылмыстарды тергеп-тексерудің жүйелі тәсілдері енгізілгенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Бас прокуратураны осы мәселеде үйлестіруші ретінде белгіледі, енді осы санаттағы қылмыстық істерді тек прокурорлар ғана тергеп-тексеретін болады. Заңнамалық түзетулерді шұғыл дайындауды, ұйымдастырушылық және кадрлық мәселелерді шешуді тапсырамын.Берік Асылов

Президенттің отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту туралы бастамалары аясында Бас Прокурор әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесін жан-жақты қарастыруға назар аударды және қылмыстық заңнамаға өзгерістер енгізуді тапсырды.

Қорытындылай келе, бас прокурор алдағы үш жаңа аймақтың құрылуына байланысты ұйымдастырушылық-штаттық іс-шараларды қабылдау қажеттігін атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: