Қостанай облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстан, Қостанай, бұрқасын, жел, қар, дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2022 16:14 Сурет: pixabay
21 наурызда Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Қостанай облысының төтенше жағдайлар қызметі мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, оңтүстік-батыстан, батыстан күші 15-20 м/с-ке жететін жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде желдің екпіні 23-28 м/с болады.

Ал Қостанай қаласында 21 наурыз күні жаяу-бұрқасын болады, оңтүстік-батыстан, батыстын жел соғады.

Қостанай облысының төтенше жағдайлар қызметі азаматтарды мүмкіндігінше автокөлікпен ұзақ сапарларға шықпауға шақырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: