Жаңалықтар тізбегі
0

Ақпан айында 2500-ден астам алтын құйма сатылды

құйма, алтындар, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 16:43 Сурет: Zakon.kz
2022 жылдың ақпан айында екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пунктері жалпы салмағы 82 келі 2 586 алтын құйманы сатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) Ұлттық Банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Бағдарлама қолға алынғалы жалпы салмағы 2,9 тоннаға жуық 79 262 алтын құйма сатылған.

Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында өте жоғары сұранысқа ие түрі – 10 грамдық алтын құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі – 27%, яғни, 21 646 дана. Одан кейін 100 грамдық құйма сұранысқа ие, 17 491 дана (22%) сатылған, 20 грамдық құймадан 15 283 дана (19%), 5 грамдық құймадан 14 239 дана (18%), 50 грамдық құймадан 10 603 дана (14%) сатылды. Алтын құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында көп сатылады.

Қаржы нарығындағы тұрақсыздық пен айырбастау бағамы құбылмалы болып тұрған жағдайда алтын құймаларына инвестиция салу жинақтардың сақталуын қамтамасыз ететін балама құрал бола алады.

Алтын құймалар нарығындағы өтімділіктің басты кепілі – банк пен банктік емес айырбастау пунктері клиентке ақшаны сол күні төлей отырып, алтын құймаларды кері сатып ала алады.

Бағдарлама басталғаннан бері екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес пунктер жалпы салмағы 288,7 келі 11 756 алтын құйманы кері сатып алған, бұл – жалпы сатылған алтын құймалардың 15%-ы. Олар кері сатып алған алтын құймалардың барлығы дерлік Ұлттық Банктің филиалдары арқылы халыққа сатылады.

Әрбір құйма қорғау элементтерімен қапталған (құйманың айна беті, микротекст және жиегі бар) және арнайы қорапқа салынып шығады, сол арқылы құйманың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге болады. Қорғап тұратын қорап, сондай-ақ сапа сертификаты болып саналады. Сондықтан, алтын құйманы ұқыпты сақтап, қорабын бүлдірмеуге кеңес береміз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: