Жаңалықтар тізбегі
0

Боран, тұман, көктайғақ. 26 наурызға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 19:22 Сурет: ҚР ТЖМ
"Қазгидромет" РМК 2022 жылдың 26 наурызына арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және Петропавлда ұйытқып, боран соғады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде және Оралда тұман түседі.

Қызылорда облысының солтүстігінде және Қызылордада тұман түсіп, түнде көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан жел соғады деп күтіледі.

Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса қатты жел тұрады. Жезқазғанда 26 наурыз күні көктайғақ болады.

Маңғыстау облысы мен Ақтауда жауын-шашын түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында кей жерлерде нөсер құяды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында боран соғады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа, солтүстіктен оңтүстік-шығысқа ойыса соққан ұйпа-тұйпа желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Нұр-Сұлтанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойысқан күндізгі желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с жетеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: