Зеленскийдің ресейлік БАҚ-қа берген сұхбаты: Роскомнадзор ескерту жасады

сұхбат берді, ресейлік БАҚ, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2022 13:14 Сурет: Instagram.com/zelenskiy_official
Украина президенті Владимир Зеленский ресейлік журналистерге сұхбат берді. Осыған байланысты байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық коммуникацияларды қадағалау федералды қызметі (Роскомнадзор) ресейлік БАҚ-қа ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үндеу департаменттің Telegram-каналында жарияланды.

Бірқатар ресейлік БАҚ, соның ішінде шетелдік агент ретінде әрекет ететін шетелдік БАҚ Украина президенті Владимир Зеленскийден сұхбат алды. Роскомнадзор ресейлік БАҚ-қа бұл сұхбатты жариялаудан бас тарту қажеттігін ескертеді, делінген хабарламада.

Сондай-ақ Роскомнадзор жауапкершiлiк дәрежесiн анықтау және жауап беру шараларын қабылдау үшiн сұхбат берген БАҚ-қа қатысты тексеру басталғанын да түсiндiрдi.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: