Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда 450 мыңға жуық адам жұмыссыз

жұмысшы, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2022 12:02 Сурет: Zakon.kz
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы еңбек нарығындағы жағдайды талдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жұмыссыздық деңгейі

Ұлттық статистика бюросы ұсынған ақпаратқа сай елімізде жұмыссыздар саны – 449,6 мың адам. Жұмыссыздық деңгейі – 4,9% болып отыр. Оның ішінде табысты кәсібі болмаған, бірақ белсенді жұмыс іздемеген немесе жұмысқа кірісуге дайын болмаған адамдар саны – 60,9 мың адам.

15-28 жастағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8% болды. Оның ішінде NEET жастарының үлесі – 6,9%. (NEET жастары – жұмыс істемейтін, білім алумен немесе кәсіби даярлықпен айналыспайтын жастардың бөлігі.)

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2021 жылдың соңында 97,9 мың адам жұмыссыз деп ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күшінің 1,1%-ына тең.

Жұмыспен қамту деңгейі

Ал 2021 жылы Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында 8,8 миллион адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 6,7 млн. адам жалдамалы қызметте. Ал 2,1 млн. адам өзін-өзі жұмыспен қамту негізінде жұмыс істеді.

Жалдамалы қызметкерлер арасында уақытша және кесімді жұмыстарда 342,7 мың адам, маусымдық жұмыстарда 27,5 мың адам, кездейсоқ жұмыстарда 7,5 мың адам жұмыспен қамтылды. Жеке қосалқы шаруашылықтарда сатуға (айырбастауға) арналған өнім өндірумен 437,6 мың адам айналысты.

2021 жылы қысқартылған кесте (жұмыс көлемінің төмендеуі, жұмыс берушінің бастамасы және басқа себептер) бойынша 274,6 мың адам жұмыс істеген. Сонымен қатар былтыр қызметті тоқтату себебіне байланысты уақытша жұмыс істемейтіндер саны 10,5 мың адам болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: