Күшіктің өлімі: оқиғаға қатысты тексеріс жүргізілуде
Жануарлар құқығын қорғаушылардың айтуынша, күшікті 20 наурызда бір отбасы алып кеткенде ол ширақ болған. Сол күні сағат 11.00-де қорға үй иесінің жаңа күшікпен танысқаны түсірілген видео жіберген, деп жазады Pavlodarnews.kz.
Кейін хайуанаттар бағының волонтерлері көшеде күшікпен серуендеу сәті түсірілген және «Күшіктің жағдайы жақсы» деген жазуы бар кадрлар алған, бірақ ол кезде Лаки болмаған.
Жануарлардың құқықтарын қорғаушылар жаңа қожайындарға тапсырылған күшікті бақылауды жалғастырып, жаңалықтар күткен. Бірақ күшіктің иелері енді қайтып хабарласпаған. Пәтерге еріктілердің өздері келіп, күшіктің тоғызыншы қабаттың балконынан құлап, өліп қалғанын білген. Оқиға орнын зерттеген жануарлар құқығын қорғаушылар иттің қожайындарының бұл сөзіне сенбей, полицияға арызбен жүгінген.
Павлодарлықтар әлеуметтік желіде қала әкімі мен облыстың ішкі істер департаментін белгілеген. Шаһар басшысы Асайын Байханов әкімдіктің құқық қорғау органдары жүргізетін кез келген тергеуге араласуға құқығы жоқ екенін айтқан.
Полицейлермен өткен тікелей эфир барысында ит иелері күдікке ілінбегені, сондықтан олардан қаладан кетпеу туралы жазбаша міндеттеме алынбағаны белгілі болды.
Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы – «жануарларға қатыгездік көрсету» бойынша сотқа дейінгі істі тіркеді, – дейді Павлодар қалалық ІІБ анықтау бөлімінің бастығы Ерлан Бүкүров.
Қазіргі таңда тексеру жүргізіліп жатыр, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, қажетті сараптамаларды тағайындағаннан кейін процессуалдық шешім қабылдаймыз.
Сотқа дейінгі тергеу екі айдың ішінде аяқталады.