«Бас айналдырарлықтай»: Димаш Құдайберген ән кешінен тағы бір видео бөлісті

Димаш, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2022 10:53 Сурет: instagram/kudaibergenov.dimash
Димаш Құдайберген осы көктемде бірнеше елде жеке концерт береді. Алғашқысы 25 наурызда Дубайда өтті. Әнді сол кештен видео бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дубайдағы концерттен көрініс. 9 cәуірде Германияда, ал 16 cәуірде Чехияда кездескенше! – деп жазды Димаш Instagram-дағы парақшасына.

Сонымен қатар әнші Дубайдағы концерттің толық нұсқасын көерменге ұсынатынын да жеткізді.

Жақында сіздер Дубайдағы концерттің толық нұсқасын көре аласыздар. Бір аптадан кейін Германияда кездескенше, – деп жазды Димаш Құдайберген.

Ал күні кеше ғана, яғни 2 сәуірде Димаш Минскіде концерт өткізді.

Айта кетейік, әншінің көктемгі концерттік бағдарламасын жариялаған едік:

  • 25 наурыз. Дубай (Біріккен араб әмірліктері). Өтетін орны: Coca Cola Arena

  • 2 сәуір. Минск (Беларусь). Өтетін орны: Минск арена

  • 16 сәуір. Прага (Чехия). Өтетін орны: Типспорт арена

  • 9 сәуір. Дюссельдорф (Германия) Өтетін орны: ISS Dome

Концертке билеттерді әншінің Instagram парақшасындағы сілтемелер арқылы сатып алуға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: