Димашты жанкүйерлері әлекке салды

Димаш, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2022 10:57 Сурет: instagram/kudaibergenov.dimash
9 сәуір күні Димаш Құдайберген Германияның Дюссельдорф қаласында жеке ән кешін өткізді. Концерт басталмай тұрып Димашқа жанкүйерлері домбыра тортын сыйлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әнші домбыра тортымен түскен фотосын Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Димаш бұл тортты қалай кесерін білмей әлек болып отырғанын жазды.

Концерттің алдында осындай торт сыйлаған жанкүйерлерге рақмет! Бұл тортты қалай кесеміз деп әлек болып отырмыз, – деп жазды Димаш.

Әншінің жанкүйерлері домбыра тортқа да, Димашқа да қызығып жатыр. Біразы тортты қалай жеу керек екенін айтып, кеңесін жазыпты:

  • Ас болсын! Ішектерінен баста!

  • Аспапқа қол тигізе алмайсың. Тістеп жеу керек сияқты.

  • Көп ойланба, жан-жағынан кеміре бер.

  • Әдемі торт екен. Қалай ыңғайлы, солай жей бер!

  • Пышақпен кесе беріңіз.

  • Сақтауға да болмайды деп қойсаңызшы.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: