Шамалған станциясының айналма жолы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

"ҚазАвтоЖол", жол, «Күрті-Бурылбайтал», «Күрті-Қапшағай», «Үшарал-Достық» , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2022 11:13 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Республикалық маңызы бар жолдарда құрылыс жұмыстары басталды. Биылғы жол-құрылыс маусымында Алматы облысы бойынша 4 жоба қолға алынды. Олардың қатарында «Күрті-Бурылбайтал», «Күрті-Қапшағай», «Үшарал-Достық» және Шамалған станциясының айналма жолы бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Күрті-Бурылбайтал» жобасы бойынша 2152-2295 км аралығында (143 шақырым) жыл соңына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Бұдан басқа, «Күрті-Қапшағай» (67 шақырым) жобасы бойынша бір бағытта қозғалыс ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, «Үшарал-Достық» (180 шақырым) тас жолында қозғалыс ашылады.«ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, қазір Шамалған станциясының айналма жолында (ұзындығы 6 км) құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылдың соңына дейін бұл нысан пайдалануға берілмек.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: