Жеңілдетілген автонесиелеу шарттары анықталды – ҚР ИИДМ
Сурет: pixabay
Бағдарлама 2022 жылдың сәуір айының соңында іске қосылады. Жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша қаржыландыру сомасы шамамен 100 млрд теңге болады. Өңірлердегі автобустар паркін жаңарту үшін 30 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ал, автокөлікті несиелендіру мәселесіне келсек, бүгін отырыста шешім қабылданды. Осы айдың соңында жұмысқа кірісеміз. Шешім ресми түрде қабылданды, енді әріптестеріміз жұмысқа кіріседі. Қайырбек Өскенбаев
Министрліктің хабарлауынша, жеңіл автомобильдерді сатып алуға несие беру мынандай шарттар бойынша іске асады:
сыйақы мөлшерлемесі: 4%;
несиелендіру сомасы: 10 млн теңгеден артық емес;
қаржыландыру мерзімі: 7 жылдан артық емес;
бастапқы жарна: 0 % бастап;
көлік құралының құны: 15 млн теңгеден аспайды.
Автонесиені екінші деңгейдегі банктер береді. Қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін министрліктермен міндетті шарт көзделген. Оған сәйкес екінші деңгейдегі банктерде қарыз алушыларға қаржыландыруды ұсынудың мәртебесі мен мерзімін қадағалайтын автоматтандырылған жүйе болуы тиіс.ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
Сондай-ақ қарыз алушыға екі жылдың ішінде бір реттен артық автонесие алуға тыйым салатын шектеу енгізілген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript