Шымкент пен еліміздің алты өңірінде дауылды ескерту жарияланды
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 19 сәуірде Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде және таулы аймақтарында найзағай ойнап, дауыл соғады деп күтіледі.
Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады. Өңірдің таулы аймағында, тау бөктеріндегі аудандарда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Шымкентте 19 сәуірде синоптиктер күн күркіреп, қатты жел соғады деп болжайды.
Сонымен қатар, Түркістанда найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады.
19 сәуірде күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
19 сәуірде Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, өңірдің оңтүстік-шығысында соққан желдің екпіні 23 м/с жетеді.
Қызылорда облысының орталығында-солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Сондай-ақ, Атырау облысының батысында оңтүстік-шығыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
19 сәуірде Алматы облысының таулы аумақтарында және тау бөктерінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с құрайды, найзағай ойнайды, ал Жалаңашкөл ауданындағы жел екпіні 25 м/с жетеді.