Қырғызстанда шетел валютасымен ақша аударуға тыйым салынды
Сурет: Zakon.kz
Өзгерістердің енгізілуі соңғы кездері Ресей мен Қазақстаннан доллармен келетін ақша аударымдары көлемінің күрт артуына байланысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қырғызстанның Ұлттық банкі ақша аударымдарын жүзеге асыру ережелеріне уақытша өзгерістер енгізді, деп хабарлайды қаржы реттеушісінің сайты.
Өзгерістердің енгізілуі соңғы кездері Ресей мен Қазақстаннан доллармен келетін ақша аударымдарының көлемі күрт артып, клиенттердің қолма-қол доллармен аударуды сұрап жатқандығына байланысты.
Қазіргі уақытта Қырғыз Республикасының аумағында халықаралық ақша аудару жүйесі арқылы алушыға ақша аударымын беру тек жөнелтуші елдің валютасында немесе ұлттық сом валютасында болуы мүмкін. Қырғыз Республикасының Ұлттық банкі
Егер Ресейден ақша аударымы жіберілсе, ол алушыға тек рубльмен, егер Қазақстаннан болса - тек теңгемен, басқа елден болса - коммерциялық банктің бағамы бойынша ұлттық валютада берілуі керек.
Өзгерістердің уақытша екені және қолма-қол доллардың Қырғызстаннан тысқары жерлерге шығуының кері әсерін азайтуға бағытталғаны атап өтілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript