Қазақстаннан АҚШ территориясына ит алып өтуге тыйым салынды

Reuters, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2021 16:31 Reuters
"Тыйым салынған" елдер тізімінде Қазақстаннан басқа Ресей, Беларусь, Грузия, Украина және Молдова да енген. Тыйымның шарттары жария етілмеген.

14 шілдеден бастап АҚШ билігі 113 елден, оның ішінде Қазақстаннан да ит әкелуге уақытша тыйым салды, деп хабарлайды zakon.kz.

Оған себеп - иттің құтыру ауруының таралу қаупі, деп хабарлайды РИА Новости.

АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) бұған дейін бұл шектеулер Америка Құрама Штаттарына әкелінетін иттерді қорғау және елге иттің құтыру вирусының қайтадан енуіне жол бермеу үшін қажет екенін ескерткен.

"Тыйым салынған" елдер тізімінде Қазақстаннан басқа Ресей, Беларусь, Грузия, Украина және Молдова да енген. Тыйымның шарттары жария етілмеген. Сонымен бірге, CDC кейбір иттерді ерекше жағдайда шекарадан өткізуге болатынын растайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: