Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан мен Ресей арасында автобус қайта қатынайды

Қазақста, Ресей, Омбы, Павлодар, автобус қатынасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2022 09:38 Сурет: Zakon.kz
22 сәуірден бастап Омбыдан Павлодар, Көкшетау, Петропавл және кері бағытта автобус рейсі қайта жанданfды. Омбы облысы үкіметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған дейін жол қатынасы пандемияға байланысты үзілген, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Омскоблавтотранс» АҚ Қазақстан Республикасына халықаралық бағыттарға қызмет көрсетуді қалпына келтіреді. Рейстер күнделікті орындалады. Омбы облысы үкіметінің баспасөз қызметі

Омбыдан Павлодарға дейін жол жүру құны 1400 рубль немесе 7733 теңге. Омбыдан Көкшетауға дейін жол жүру құны 953 рубль немесе 5264 теңге. Омбыдан Петропавлға дейін жол жүру құны 550 рубль немесе 3038 теңге.

Қазақстанға кіру үшін шекарадан өткен кезде 72 сағаттан кешіктірмей берілген коронавирусқа теріс нәтижесі бар анықтама ұсыну қажет.

Ресейдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің шешіміне сәйкес, ЕАЭО елдерінің, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары Ресейге құрлықтағы өткізу пункттері арқылы келетін азаматтарға коронавирустық тестілеуден өтіп, тиісті сауалнама толтырудың қажеті жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: