Президент өкімімен Мақсат Қожабаев қызметінен босатылды

қол қойды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2022 12:35 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары ауысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Мақсат Аманқұлұлы Қожабаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, деп жазады Ақорда .

Мақсат Аманқұлұлы Қожабаевтың еңбек өтілі:

  • Шымкент қаласы прокуратурасында стажер (08.1997);

  • Шымкент қаласы прокуратурасының ТҚБ заңдылығын қадағалау, тергеу және анықтау бөлімінің прокуроры (06.1998 ж.);

  • Шымкент қаласы прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот шешімдерінің заңдылығын және атқарушылық өндірісті қадағалау бөлімі бастығының м.а.(10.2000);

  • Шымкент қаласы прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот шешімдері мен атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы (03.2001 ж.);

  • Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы прокурорының орынбасары (05.2001);

  • Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот шешімдерінің заңдылығын қадағалау бөлімі бастығының орынбасары (11.2002);

  • Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот шешімдерінің заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы (11.2003 ж.);

  • Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының прокуроры (08.2004);

  • Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры (11.2005);

  • Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының прокуроры (08.2006);

  • Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары (05.2008 ж.);

  • Алматы қаласы прокурорының орынбасары (10.2009-09.2011);

  • Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары (09.2011-03.2012);

  • Қызылорда облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) бастығы (2012-2014);

  • Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы (11.2014-12.01.2016);

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы (12.01.2016-11.2016);

  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы (11.2016-12.2017);

  • Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары (07.12.2017-08.2018);

  • Шымкент қаласының прокуроры (09.08.2018-07.2021);

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары (07.2021 ж. бастап)

Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар:

  • Ордендері: «Ерлігі үшін» (12.2013 ж.), II-дәрежелі «Айбын» (12.2020 ж.);

  • төс белгілері: «Прокуратураның үздігі» I-дәрежелі;

Түркістан қаласы, Сарыағаш, Келес облыстарының Құрметті азаматы

Әскери қызмет, әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер:

3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі (06.05.2021)

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: