Энергетика министрі газдың бағасы жайында айтты
Сурет: pixabay
ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов тауарлық газ бағасының өсуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Энергетика министрлігінің басшысы экспорттық түсімдердің жоғарылауының арқасында ел ішінде төмен бағаны сақтауға мүмкіндік болғанын атап өтті. Бірақ ішкі тұтыну артып, газ өндірісі көбеймей жатқандықтан, экспортты қысқарту қажет.
Біз 2024 жылдан кейін экспорт нөлге тең болады деп күтеміз, яғни біз экспорттамаймыз. Тиісінше, бізде Қазақстанның ішінде төмен бағаны ынталандыратын көз болмайды. Демек, газдың бағасын көтеруге тура келеді. Болат Ақшолақов
Министр газдың нақты құнын төлей алатын және төлеуге тиісті тұтынушылар топтары бар екенін айтты. Бұл толығымен экспорттық және валюталық түсімге бағытталған кәсіпорындар, сонымен қатар кеншілер. Тұрғындар үшін басқа бағалар болады.
Қазір біз осы есептердің барлығын жасап жатырмыз. Кейбір тұтынушы топтары үшін екі есе өсім болуы мүмкін, мысалы, өнеркәсіптік кәсіпорындар. Халық үшін басқа баға болады, көп көтерілмейді деп ойлаймын. Болат Ақшолақов
Еске салайық, 25 сәуірде Сенатта өткен үкімет сағатында депутат Ерік Сұлтанов газ бағасының 60 пайызға дейін көтерілуі мүмкін екенін, Қазақстан бұдан құтыла алмайтынын айтқан болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript