Миялыда дүниеге келген сәби перзентханадан үйіне қайықпен шығарылды

Атырау облысы, төтенше жағдай, перзентхана, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2022 15:07 Сурет: Атырау облысы ТЖД
26 сәуірде құтқарушылар Миялы ауылында дүниеге келген нәрестені анасымен бірге қайықпен алып шықты. Жолдың арғы бетінен оларды туыстары сән-салтанатпен күтіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ойыл өзенінің тасуы салдарынан жол қақ айырылған еді. Жолдың арғы бетінде қалғандар жолдың бергі бетіне құтқарушылардың көмегімен қатынап жатыр.

Аудан орталығымен байланысу үшін жолдың жарылған жеріне құтқарушылары бар моторлы қайық жеткізіліп, жергілікті халықты тасымалдады. Қазіргі уақытта 4172 адам тасымалданды, оның ішінде 78 бала мен бес сәби бар.Атырау облысы ТЖД
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: