Қосшы тұрғыны жарты жыл бойы “сатушыдан” тауар күткен

ғаламторда алдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2022 09:13 Сурет: pixabay
Қосшы қаласы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” және “Контрафакт” жедел алдын алу іс-шаралары барысында Instagram әлеуметтік желісі арқылы жасалған алаяқтықтың бетін ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын жүгініп, 2021 жылдың қыркүйегінде белгісіз әйел алдау жолымен оған тиесілі 404 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражаты иемденгенін хабарлады.

Өтініш беруші азаматша күдіктіге тиесілі интернет-дүкен арқылы 20 қысқы куртка сатып алуға ниет білдірген.

Жәбірленушіден тапсырыс пен төлемді алғаннан кейін қаскүнем интернет-дүкенді жойып, телефон нөмірін өшірген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады, ол Қостанай облысының 31 жастағы тұрғыны болып шықты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: