Ақтөбе облысының тұрғыны өз үйінде заңсыз мылтық сақтаған

Ақтөбе облысының тұрғыны өз үйінде заңсыз мылтық сақтаған  , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2023 14:13 Сурет: ҚР ІІМ
"Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Ойыл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел ақпаратты тексеру кезінде жергілікті тұрғыннан заңсыз сақталған қару тәркіледі.

61 жастағы азамат өз үйінде 16-калибрлі екі тегіс ұңғылы мылтықты, әртүрлі калибрлі гильзалар мен патрондарды заңсыз сақтаған.

Ер адам бұл мылтықтар мен оқ-дәрілер оған марқұм әкесінен қалғанын түсіндірді.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: