Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан шетелдік жұмыс күшін тарту ережесін өзгертті

жұмыс, жұмыс күші, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2022 11:44 Сурет: Zakon.kz
Өзгерістер ҚР Үкіметінің 28 сәуірдегі қаулысымен енгізілді. Енді еңбек иммигранттарын тарту үшін өтініштерді Ішкі істер министрлігімен келісу талап етілмейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыс істеуі (қызмет көрсетуі) үшін еңбек қызметін жүзеге асыруға еңбекші көшіп келушілерді тарту қажеттігін жергілікті атқарушы органдар мыналарды ескере отырып айқындайды:

  • өңірдегі жұмыс күшіне сұраныс, оның ішінде жоспарланған жұмыс орындарын құру есебінен;

  • жұмыссыздар санының болжамы және жұмыскерлердің босатылуы;

  • былтыр жергiлiктi атқарушы органдардың еңбек иммигранттарын тартудың тиiмдiлiгiн және алдағы жылға еңбек иммигранттарына болжамды қажеттiлiктi бағалау.

Жергілікті атқарушы органдар алдағы жылға немесе жылдарға еңбек иммигранттарын тарту қажеттігін қалыптастырады және 1 қарашаға дейін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға еңбек иммигранттарын тарту қажеттігі туралы өтініштер жібереді.

Енді ішкі істер министрлігінде өтініштерді келісу талап етілмейді.

Қаулы 2022 жылдың 10 мамырында күшіне енеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: