Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы полициясы қызыл кітапқа енген сексеуілді сату деректерінің жолын кесті

қызыл кітапқа еңген ағаш, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2022 13:04 Сурет: Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі
Іс-шара экологиялық және санитарлық нормаларды бұзу деректерін анықтауға, сондай-ақ, азаматтардың қоршаған ортаға қамқорлық жауапкершілігін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Азаматтардың ең көп шоғырланатын жерлеріне ерекше назар аударылды: базарлар, сауда үйлері, сексеуіл сату нүктелері, сондай-ақ кәуап қуыру кезінде сексеуіл пайдаланатын қоғамдық тамақтану орындары. Сондай орындардың бірі «Таугүл» шағын ауданынан табылды. M.есімді азаматтан 131 келіден астам сексеуіл тәркіленді, ол оны сатумен айналысқан. М.есімді азаматтың әрекеті ҚР ҚК-нің 339-бабымен квалификацияланды. Аталған дерек бойынша Әуезов аудандық полиция Басқармасында сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деді, Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаров.

«Мемлекеттік орман қоры аумақтарындағы сексеуіл екпелерін кесуге тыйым салу туралы» құжатқа сәйкес, сексеуіл кесуге тыйым салу 2000 жылдардың басында енгізіліп, 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды.

«Сексеуіл – қызыл кітапқа енген ағаш. Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 339 бабында – сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ, пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен заңсыз айналысу, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе үш жылға бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланатыны көрсетілген», - деді, полковник Саттаров.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: