Қытайда бортында 113 жолаушы болған ұшақ өртеніп кетті
Сурет: pixabay
Tibet Airlines ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртеніп кеткен. Оқиға Қытайдың Чунцин қаласында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әуежайдың хабарлауынша, бортта 113 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі болған. Жеңіл жарақат алған 40-тан астам жолаушы ем алу үшін қалалық ауруханаларға жеткізілді.
Қазіргі уақытта Чунцин Цзянбей халықаралық әуежайындағы рейстердің ұшып көтерілуі және қонуы бұрынғы режимге оралды. Оқиғаның себебі анықталуда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript