Қазақстандықтар жиі ұша алатын тағы бір ел аталды
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Өзбекстанмен әуе қатынасы рейстер саны бойынша да, шет елдер арасындағы маршруттар саны бойынша да ең қарқындылардың бірі болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан мен Өзбекстан арасында екі елдің әуе компаниялары (Эйр Астана, SCAT, Fly Arystan, Uzbekistan Airways) Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Түркістан, Ақтөбе және Ташкент, Самарқанд, Наманган, Үргеніш, Нөкіс қалалары арасында аптасына 40 рейс жасайды . ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі
Анықтамалық ақпарат:
Нұр-Сұлтан – Ташкент, 6 рейс (Эйр Астана – 3, Өзбекстан әуе жолдары – 3);
Алматы – Ташкент, 14 рейс (Эйр Астана – 7, Өзбекстан әуе жолдары – 7);
Алматы – Самарқанд, 4 рейс (Fly Arystan – 2, Uzbekistan Airways – 2);
Алматы – Наманган, 4 рейс (SCAT – 2, Uzbekistan Airways – 2);
Ақтау – Үргеніш, 4 рейс (SCAT – 2, Uzbekistan Airways – 2);
Ақтау – Нөкіс, 4 рейс (SCAT – 2, Uzbekistan Airways – 2);
Түркістан – Ташкент, 2 рейс (Fly Arystan – 2);
Ақтөбе – Нөкіс, 2 рейс (Uzbekistan Airways – 2).
Бұған дейін 13 мамырдан бастап Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстері екі есеге өсетіні хабарланған болатын. Қосымша рейстер Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Орал, Шымкент және Өскемен қалаларынан орындалады.