Алматыда 30 қарияны тонаған ұры ұсталды
Сурет: Zakon.kz
38 жастағы тұрғын өзінің жымысқы әрекетін Әуезов, Бостандық және Медеу аудандарында іске асырған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол базар, қоғамдық орындар мен аулаларда зейнеткерлерді іздеп, ауыр заттарын көтеруге көмектескісі келген кейіп танытып, ақша, ұялы телефондары мен басқа да бағалы заттарын ұрлап отырған, деп жазады QAZAQSTAN телеарнасы.
Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті бұған дейін де осыған ұқсас қылмысы үшін сотты болған.
Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript