Қазақстанда «жасырын омикронның» кесірінен маска режимі қайтарыла ма
Сурет: Zakon.kz
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда коронавирустық инфекцияның жаңа штаммы - стелс омикронның пайда болуына байланысты бетперде режимін енгізу жоспарда жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгінде бетперде кию режимін енгізуге негіз жоқ. Бұл елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы республикалық референдум кезінде бетперде кию режимін енгізу де жоспарланбағанын айтты.
Еске салайық, 13 мамырда Қазақстанда стелс-омикрондық коронавирустың жаңа штаммы анықталған болатын. Бұл вирус қазірдің өзінде еліміздің 12 өңірінде анықталған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript