Батыс-Алтай қорығында сусар видеоға түсіп қалды

құну, жануар, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2022 16:49 Сурет: unsplash
Батыс-Алтай қорығы құнудың (сусардың бір түрі) видеотұзаққа түсіп қалғанын мәлімдеді. Қорық әкімшілігі сусардың жүгіріп жүрген видеосын бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қорық аумағында құнуды мемлекеттік инспекторлар да кездестіріп тұрады. Бұл жануардың арнайы кордонға (қарауыл посты) келген кездері де болған.

Құну – күзен тәрізді аңдар тұқымдасына жататын жыртқыш. Сусардың бір түрі деуге болады. Ол – өте батыл, адуын аң.

Құну Қазақстан аумағында сирек кездескенімен Алтай таулы орман тоғайларының жергілікті мекендеушісі. Ол әдетте адамдардың көзіне түспеуге тырысады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: