Суда қалды: Ақтөбе облысында жылқыларды құтқару видеоға түсіп қалды
Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе облысының құтқарушылары жылқыларды құтқару сәті түсірілген видеомен бөлісті – олар жануарларды арқанмен қауіпсіз жерге алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сәуірдің 4-і күні Елек өзенінің маңындағы жайылмадағы аралда аттар судан өздігінен шыға алмай жүрген.
Облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға орнына бірден үш құтқарушы мен моторлы қайық жөнелтілді.
Келгеннен кейін жағалаудан 400 метр қашықтықтағы Елек өзенінде 30 бас жылқы суда қалғаны анықталды. Құтқару жұмыстары басталған кезде жануарлар көмекке келген құтқарушылардан қорықты, делінген хабарламада.
Алайда құтқарушылар құтқару арқандарының көмегімен жануарларды қауіпсіз жерге алып шықты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript