Сүт сұраса, су берген: Қостанайда 15 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды
Сурет: Zakon.kz
2022 жылы Қостанай облысының прокуратурасы Қарабалық ауданындағы білім беру ұйымдарының 2,2 мың тәрбиеленушісі мен оқушыларының құқығын қорғады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қадағалау органының мәліметінше, 12 шағын орталық пен екі балабақшада тағамға салаттар, қара бидай наны, ірімшік, сүзбе қосылмағанын, сүт және қышқыл сүт өнімдерінің орнына шай берілгенін анықтады.
Михайловская орта мектебінде тамақ мүлдем ұйымдастырылмаған, сол арқылы мектептің 120 оқушысының құқығы бұзылған. Қостанай облысының прокуратурасы
Қадағалау актісі бойынша мынандай бұзушылықтар жойылды:
тамақтану рационы тәртіпке келтірілді;
Михайлов орта мектебінде тамақтандыруға тендер өткізілді;
15 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript