Атырау облысында бірнеше лауазымды тұлға ұсталды

Атырау облысы, лауазымды тұлғалар, бюджет қаражатын жымқыру, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2022 13:10 Сурет: Zakon.kz
Атырау облысы бойынша ҚМА аумақтық департаменті бюджет қаражатын жымқыру дерегімен «Атырау облысы Құрылыс басқармасы» ММ-ның лауазымды тұлғалары мен «Техника-Рем строй» ЖШС-ның басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz
Атырау облысы бойынша ҚМА аумақтық департаменті әлеуметтік объектілердің (мектеп, 2 отбасылық дәрігерлік амбулатория, спорттық-сауықтыру кешені) құрылысына бөлінген аса ірі мөлшерінде бюджет қаражатын жымқыру дерегімен «Атырау облысы Құрылыс басқармасы» ММ-ның лауазымды тұлғалары мен «Техника-Рем строй» ЖШС-ның басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.ҚР ҚМА баспасөз қызметі

ЖШС-ның басшысына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қылмыстық іс шеңберінде Атырау облысы құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары (қазіргі таңда Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары) Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталып, Атырау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: