Атырау облысында әлеуметтік нысандарды салу кезінде 467 миллион теңге ұрланған

Қазақстан, Атырау облысы, Атырау облысы құрылыс басқармасы, «Техника-Рем строй» ЖШС , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2022 17:56 Сурет: Zakon.kz
ҚМА Атырау облысы бойынша департаменті «Атырау облысы құрылыс басқармасы» ММ-ның лауазымды тұлғалары мен «Техника-Рем строй» ЖШС-ның басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттік таратқан ақпарат бойынша, тергеп-тексеру жұмысы әлеуметтік объектілердің, мектеп, 2 отбасылық дәрігерлік амбулатория, спорттық-сауықтыру кешені құрылысына бөлінген аса ірі мөлшерінде бюджет қаражатын жымқыру дерегімен жүргізілді.

Жымқырылған ақша көлемі 467 млн теңге болғаны анықталды. ЖШС басшысына «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Серіктекстіктің 79 млн теңге көлеміндегі мүлкіне тыйым салынды. ҚР ҚМА баспасөз қызметі

  

Ал Атырау облысы құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарына және де тағы да бір тапсырысшыға «үйқамақта ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: