Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда жыл басынан бері қанша адам пойыз астына түсіп, қаза тапты

пойыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2022 14:11 Сурет: unsplash
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалының қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры Бақытбек Алдажаров жыл өткен сайын теміржол рельсіндегі төтенше жағдайлардың саны артып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төрт жылда 411 адамның пойыз астына түсіп, қаза болуы тіркелген. Оның ішінде 56 жағдайда адамдар мас болса, 32-сі суицидке барған.

Жыл басынан бері темір жолда 25 соқтығысу оқиғасы тіркелді. Оның 13-інде адам өлімімен аяқталды, 12-сі жарақат алды. Ал былтырғы көрсеткіш бойынша 16 жағдай болған еді. Мұндай жағдайлардың саны жыл сайын артып келеді, өйткені қауіпті аймақта болу ережелерінің талаптары бұзылады.Бақытбек Алдажаров

Оның айтуынша, жүк пойызы 80 км/сағ астам жылдамдықпен қозғалса, жолаушылар пойыздарының жылдамдығы 140 км/сағ жетеді. Сондықтан мұндай жылдамдықпен қозғалған кезде пойыздарды бірден тоқтату қиынға соғады.

Сонымен қатар адамдарды электр тогының соғуы – темір жол үшін де өткір мәселе.

Балалар теміржол нысандарында ойнауды, селфи жасауды, TikTok түсіруді жалғастырып жатыр. Соның салдарынан оларды электр тогы соғады. Нәтиже – жарақат немесе өлім. 2021 жылы 14 адам электр тогының соғуының құрбаны болды. Оның 9-ы – кәмелетке толмағандар. 6 жағдайда жарақат ауыр болып, адам қаза тапты. 2022 жылдың төрт айында осындай бір жағдай тіркелді.Бақытбек Алдажаров

Бақытбек Алдажаров «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ темір жолдарға арнайы қоршаулар, ескерту белгілері орнатылып жатса да, мұның барлығына тұрғындар немқұрайлы қарайтынын жеткізді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: