Балқаш гарнизонында офицер жараланды

Офицер жараланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2022 12:39 Сурет: pixabay
2022 жылғы 30 мамырда Балқаш гарнизонында қаруды қолданудағы қауіпсіздік шарасын бұзған лейтенант офицер жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі берген ресми ақпаратқа сәйкес, зардап шеккенге қажетті медициналық жәрдем көрсетілуде.

Дәрігерлердің айтуынша, әскери қызметшінің жағдайы ауыр.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қорғаныс министрінің нұсқауы бойынша оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін арнайы комиссия жіберілді.

Бұдан өзге ақпарат ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес тергеу мүддесіне қарай таратуға жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: