Ақша айырбастау пунктінің «иесі» ірі алаяқтық жасады
Сурет: Zakon.kz
Қылмыс Алматының Медеу ауданында орын алды. Ол қаскөй келген Семей қаласынан басталды. Дәл сол жақта оған қылмыстық жолмен баю ойы келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Ол билет сатып алып, Алматыға келді, ақша айырбастау пункті үшін кеңсе жалдап, тіпті валюта айырбастау туралы хабарландыруды да ілді. Валюта айырбастаудың қолайлы шарттары туралы қулыққа бірінші болып Алматының тұрғыны түсті. Жексенбі күні, кездесу уақытына келісіп, қыз 80 мың долларды құрайтын барлық соманы белгіленген жерде және уақытта күдіктіге әкеліп берді. Ер адам айырбастаймын деген сылтаумен басқа бөлмеге кіріп, қосалқы есік арқылы шығып, жасырынып қалды. Белгілі бір уақыт күткен бойжеткен өзінің алданып қалғанын түсініп, полициядан көмек сұрады», - дейді, Медеу аудандық полиция Басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Жәнібек Шынасылов.
Күдікті - 1985 жылы туған Ш.есімді азамат, Өскемен қаласының әуежайында ұсталды. Дәл сол жерде ол ұрланған ақшамен жасырынбақ болған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда отыр. Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript