Тәрбие жоқ! Павлодарда бұзақылар қоғамдық дәретхананың есігін бүлдіріп тастады
Сурет: pixabay
«Қаз қонақ» тарихи ескерткішінің жанында орнатылған қоғамдық дәретхананың есігінің шеті майысып қалғаны түсірілген видео әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Желі қолданушылары «Дәретханаларды орнатып та үлгерген жоқ, ендігі есіктерін сындырған». «Адамдар бақылап отыратындай ақылы ету керек! Басқаша болмайды. Тәрбиесіздер» деген түрлі пікір қалдырған, деп жазады Pavlodarnews.kz.
ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Арслан Қалияқбаровтың айтуынша, қоғамдық дәретханаға инженерлік коммуникацияларды тарту қалған.
Қазіргі таңда мердігер су құбырын тарту үшін рұқсат беру келісімдерін рәсімдеуде. Қоғамдық дәретхана 15 маусымнан бастап жұмыс істейді, - деді Арслан Сержанұлы.
Қоғамдық дәретханаларды күтіп ұстаумен және жөндеумен айналысатын «Коммунсервис» КММ-де бұл – үшінші жаңа модульдік қоғамдық дәретхана екенін хабарлады.
Қазіргі таңда есігі қалыпқа келтірілді. Қалған екі дәретхана жұмыс істеп тұр. Коммуникация мәселесі шешімін тапқаннан кейін үшінші дәретхана да іске қосылады, - деді мекемеде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript