Жаңалықтар тізбегі
0

Баспана алуға көмектесемін деп уәде берген алаяқ 34 миллион теңгені иемденіп кетті

ақша бопсалады, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2022 15:24 Сурет: Zakon.kz
Шымкент тұрғыны екі жыл бойы 21 сенгіш азаматты алдап келген. Алаяқ мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесетініне сендірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қаласының тұрғыны екі жыл бойы мемлекеттік бағдарламамен пәтер алуға көмектесемін деп азаматтарды алдап келген. Алаяқтың арбауына 21 тұрғын түскен.

Олар алаяққа 34 млн теңге ақша берген. Алаяқтықты кәсіп еткен 27 жастағы азаматша қала аумағында соғылып жатқан көпқабатты тұрғын үйлерден танысы арқылы пәтер алып бере алатындығын айтып, өзін жарнамалап, тұрғындардың сеніміне кіріп, ақшаларын өз пайдасына жаратып отырған. Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, балаларына қарау үшін үйіне жұмысқа алған азаматшаның банк карточкасын қолдануға алдап сұрап алып, ұялы телефонына оның қосымшасын орнатып алған. Содан басқа жәбірленушілердің ақшалары осы карточкаға түскен.

Бұл жөнінде жәбірленуші білген сәтте полицияға арызданған. Бұдан өзге басқа жәбірленушілерден алған ақшаны кездейсоқ адамдарға өтініш жасап, банкоматтардан шешіп жүрген. Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі

Үйді ала алмай, алданғанын білген тұрғындар полицияға арызданған. Тәртіп сақшыларымен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары барысында куәгерлерден жауап алып, сұрастыру жұмыстары жүргізіліп, банктік аударымдар тексеріліп, азаматшаның алаяқтық ісі дәлелденген.

Нәтижесінде, қылмыстық істі жасағаны үшін азаматша 4 жылға сотталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: