Жаңалықтар тізбегі
0

«Өте ұят»: Петропавлда вандал аялдаманың терезелерін сындырды

аялдаманың әйнектерін шақты Сурет: pexels
Полицейлер Петропавлда Қизатова көшесіндегі аялдаманың терезелерін сындырған ер адамды ұстады. 28 жастағы азамат өз әрекеті үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, оқиға 5 маусымда болған.

Осы факті бойынша ІІБ қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434 бабының 1-тармағы бойынша, яғни "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік материал жинады.

Материал шешім шығару үшін сотқа жіберіледі. Әкімшілік заңнама айыппұл немесе 10 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жауапкершілікті қарастырады. Сондай-ақ құқық бұзушы шығын сомасын төлеуге міндетті болады. Қанат Жұмабаев, Петропавл қалалық ІІБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы

Ұсталған азамат қатты ұялғанын мойындады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз