Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны 10 млн теңгеден астам шығынға ұшырады
Сурет: Zakon.kz
Өскемен полициясына облыс орталығының 38 жастағы тұрғыны арызданған. Ол алаяқтың құрбаны болғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жәбірленушінің айтуынша, досы оған пәтер алуға көмектесуді ұсынған. Ол әйелді алдап, оның 10 миллион 500 мың теңгеге жуық ақшасын иемденіп алған.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері 30 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Күдікті әйелге жеңілдетілген бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесуге уәде берген. ШҚО ПД баспасөз қызметі
Аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 бабының 3-бөлігі, яғни – «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript