Ақтаудағы арнайы операция видеоға түсірілді: Иран тумасы ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Ақтауда полицейлер есірткінің ірі партиясын тәркіледі: жалпы салмағы 39 келі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық полицияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, арнайы операция 1 маусымда жүргізілген.
Тәртіп сақшылары ирандық азаматты ұстады. Оның пәтерінен тінту кезінде жалпы салмағы 39 келі болатын апиын табылып, тәркіленді.
Күдіктіге қатысты қаланың тергеу соты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасын бекітті.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен («Есірткі құралдарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, иемдену, сақтау, тасымалдау») ҚР ҚК-не тіркелді. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды. Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript