Нұр-Сұлтандағы стихиялық қоқыс: тәртіп бұзушыларға 20,5 млн теңгеге жуық айыппұл салынды
Заң бұзушыларға 20,5 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. 1900-ден астам тәртіп бұзушы жауапкершілікке тартылды. Рұқсат етілмеген жерге қоқыс түсірген 194 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Айыппұл сомасы 5 миллион теңгеден асады. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі
Тәртіп бұзушыларға экополигон аумағына құрылыс қалдықтарын міндетті түрде шығару туралы ескертулер берілді.
2021 жылдың маусымынан бастап қалдықтарды басқарудың экологиялық талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдар мөлшері бес есеге ұлғайтылды:
жеке тұлғалар үшін – 10 АЕК-тен 50 АЕК-ке дейін;
шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін – 20 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін;
орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – бұзушылық нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасының 30 АЕК-тен 100%-ға дейін;
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн – бұзушылық нәтижесiнде алынған экономикалық пайда сомасының 200%-ға дейiн.
2021 жылы 330-дан астам рұқсат етілмеген үйінділер жойылды, 60 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.