Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар қаласында көше атаулары қазақшаланады

Павлодар, көше атаулары, Ашық НҚА, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2022 15:49 Сурет: Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Павлодар облысы әкімдігінің «Павлодар облысы Павлодар қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы» қаулысының жобасы әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен Павлодар қаласындағы мына көшелердің атауын өзгерту жоспарланған:

  • Мир көшесі Олжабай батыр көшесіне;

  • Урицкий көшесі Генерал Смағұлов көшесіне;

  • 1-я Южная көшесі Бірлік көшесіне;

  • 2-я Южная көшесі Кәукен Кенжетаев көшесіне;

  • Парковая көшесі Мұқағали Мақатаев көшесіне;

  • Донецкая көшесі Мағжан Жұмабаев көшесіне;

  • Кубанская көшесі Қалмұқан Исабай көшесіне;

  • Совхозная көшесі Рафиқа Нұртазина көшесіне;

  • Таганрогская көшесі Қазанғап би көшесіне;

  • Ангарская көшесі Нағымбек Нұрмұхаммедов көшесіне;

  • Читинская көшесі Аманжол Шәмкенов көшесіне;

  • Декабристов көшесі Қамар Қасымов көшесіне;

  • Юннатов көшесі Дихан Әбілев көшесіне;

  • 1-я Советов, 2-я Советов көшесі Генерал Бәкіров көшесіне;

  • Зыряновская көшесі Қабдыкәрім Ыдырысов көшесіне;

  • Саянская көшесі Алма Әжібаева көшесіне;

  • Лесная көшесі Ағайынды Дүйсембиновтер көшесіне өзгертіледі.

    Құжатта бұл іс ірі тұлғалардың есімдерін ұлықтау және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атауларды қайтару мақсатында қолға алынғаны жазылған.

    Қаржы шығындары жергілікті атқарушы органдар бюджетінен талап етілмейді.

Қаулы мәтінін Ашық НҚА сайтынан оқуға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: